Жақында кент тұрғыны Қуаныш Исламғалиұлы өзінің ауласына күндегі тіршілікпен кіре бергенде шөптің арасынан денесі бір қарысы болатын тасбақаны көрген.
Шарбағында жүрген бұл тіршілік иесін әсте қолындағы ұялы телефонының видео-камерасына түсіріп алыпты.
–Жалпы бұндай ерекше тасбақаны алғаш көргенім. Тасбақаның әдемілігінен көзімді қалт жібере алмай, оның өз жайымен кеткенін андамайда қалыппын, - дейді аға.
Негізінен тасбақа ең ұзақ өмір сүретін тіршілік иесінің бірі. Ол шөптің арасында далада өмір сүріп, шөппен қоректенгенді ұнатады. Сондай-ақ ол қауіпті жағдайда басы мен аяқтарын жинап сүйекті сауытына тығылады. Ол температуралық толқулардан сақтайды екен. Біз білмейтін тасбақаның тағы бір ерекшелігі – ұзақ уақыт қоректенбей, яғни су ішпей жүретіндігінде. Сонымен қатар қыстың қытымыр аязы мен жүйіткіген қатты желінде немесе күннің шыжыған ыстығында олар тіршілік етуді тоқтап, терең ұйқыға батады.
Д.АЙБАР.