Көшеге атау берудің тәртібі қандай?

Соңғы кездері көшеге атау беру мәселесі жекелеген тұрғындар тарапынан жиі көтеріліп келеді. Жалпы көшеге атау берудің тәртібі қалай жүзеге асырылады?

Міне, осы өзекті мәселеге орай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жеміс Тілепқалиева жауап берді.

-Атау беруде құқықтық нормативтік құжаттар басшылыққа алынады. Бұл жұмыстарды жүргізу үшін ҚР «Тіл туралы Заңы», «ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңы, әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне (көшелерге) атау беру, обьектілерге атау беру, жалпы атаулардың транскрипциясын нақтылау, өзгерту және қайта атау туралы ҚР Үкіметінің қаулылары негізінде іске асады. Осы тұста, 2017 жылғы 28 ақпандағы Елбасы тапсырмасына сәйкес, жергілікті жерлерде кездесетін идеологиялық тұрғыдан ескірген және қайталанатын атауларды тарихи жер-су атаулары және ұлттық танымды айқындайтын, халыққа түсінікті, жер ерекшелігіне сәйкес атаулармен өзгертіп, қазақ еліне танымал тарихи тұлғалар болмаса, жалпы кісі аттарына мейлінше шектеу қойылғандығын айтып өткен жөн. Көшеге ұсынылатын атаулар ономастикалық жұмыс процесінде республикалық ономастикалық комиссия мақұлдаған «Тарихи тұлғалар», «Жер-су атаулары», «Дәстүрлі атаулар» тарауларындағы тізімдерде болуы міндеттеліп, басшылыққа алынып отыр. Осы тізімді зерделеу, жергілікті жердің тарихи танымал тұлғаларын енгізу бойынша облыстық ономастикалық комиссияда қаралып, ұсыныстар берілді.

 

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз