Қондырғы орнатып берді

 

Әбден тозығы жетіп, істен шыққан газ есептегіш құралын жаңадан сатып алуға зейнеткер Қалампыр Жанғалиеваның мүмкіндігі болмады. Тығырықтан шығудың жолын іздеп, «Amanat» партиясы аудандық филиалына хабарласады.

Өзінің сайлауалды бағдарламасында партия әлеуметтік осал топтар мен зейнеткерлердің мұң-мұқтажына ұдайы назар аударып, мейлінше көмек қолын созуды мақсат тұтқаны белгілі. Әрі сайлаушылар алдында уәде берген де болатын. Сол уәденің үдесінен шығу мақсатында тұрғынның өтінішіне назар аударған партия филиалы демеушілік арқылы өтінішті қанағаттандырды. Газ есептегішті алып беріп, аудандағы «КазТрансГазАймақ» мекемесі арқылы тегін қондыртып берді.

– Тұрғанына біраз уақыт болған газ есептегіштің тозығы әбден жеткен екен. Жаңасын сатып алуға ешқандай мүмкіндік жоқ. Жалғыз зейнетақым тамағым мен дәрі-дәрмегімнен ауыспайды. Амалсыздан партия басшылығына хабарласып едім, өтінішімді қанағаттандырып берді.

Мәселеге түсіністікпен қараған азаматтарға ризашылығымды білдіремін,- деді ол.

С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521