Көктоғайда 160 орындық спорт кешенінің құрылысы басталды

 Индер ауданында бұқаралық спортты дамыту мақсатында ауылдық округтерде жаңа спорттық нысандар пайдалануға берілуде. Қазіргі таңда Көктоғай ауылдық округіндегі апатты жағдайдағы интернаттың орнына дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды.

Жалпы ауданы 1274 шаршы метр болатын нысанның мердігері –«SCS Инжиниринг»» ЖШС-і. Жобаға сәйкес спорт кешенінде футбол, волейбол, жеңіл атлетикаға арналған алаң және блокты-модульді қазандық, абаттандыру және бейнекамера орнату жұмыстары қарастырылған. Алдағы уақытта бұл жерде жергілікті жас өрендер спорттың бірнеше түрімен айналыса алады. Тиісінше, кешен барлық қажетті құралдармен жабдықталады.

traktor

Еске салайық, бұған дейін Есбол, Өрлік ауылдық округтерінде жаңа спорт кешені ел игілігіне берілген болатын.

Аудан әкімі аппараты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521