“Қазақстандықтарға жаңа жұмыс орны”.ҚазМұнайГаз бен Abu Dhabi Ports Group ынтымақтастықты кеңейітті.

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Абу-Дабиге (БАӘ) жұмыс сапары кезінде Abu Dhabi Ports Group (ADP) Басқарма төрағасы Мұхаммед Джума әл-Шамисимен кездесті.

Тараптар ҚР Президентінің қазақстандық көмірсутекті экспортқа шығарудың баламалы жолдарын дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Caspian Integrated Maritime Solutions (CIMS) бірлескен кәсіпорынның қазіргі қызметін талқылады. Атап айтқанда, өткен айда дедвейт көлемі 8 000 тонна "Taraz" және "Liwa" жаңа мұнай құю танкерлері сатып алынды. Олар Каспий теңізімен қазақстандық мұнайды тасымалдауға пайдаланылады.



Бүгінгі кездесуде тараптар, сондай-ақ, ашық теңіздерде мұнай тасымалдауға қатысты ынтымақтастық мәселелерін қарастырды. Қазіргі таңда "Қазақтеңізкөлікфлоты" ҰТКҚК" ЖШС (ҚТКФ, ҚМГ еншілес ұйымы) мен ADP-дің ортақ танкер пулы 4 кемеден тұрады. Биыл Теңіз кен орны мұнайын халықаралық су жолдары арқылы тасымалдау үшін алғаш рет Chevron компаниясымен келісімшартқа қол қойылды. ҚТКФ мен ADP танкерлері осы келісімшартқа сай жүк тасымалдауға кірісті.

Жыл соңына дейін кемелер пулы ADP-дің тағы да үш танкерімен толығады деп күтілуде - 2 Aframax (дедвейт көлемі 115 000 тонна) және 1 Suezmax (дедвейт көлемі 130 000 тонна).

"Abu Dhabi Ports Group-пен біздің ынтымақтастығымыздың ауқымы кеңейіп келеді. Болашақта мұнай тасымалдау қызметтерімізді пайдаланатын халықаралық компаниялар санын ұлғайту жолында белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Қысқа мерзімді перспективада ашық теңіздерде және Каспий теңізінде мұнай тасымалдауға арналған танкерлерді бірге жасап шығару жоспарда бар. Алдағы уақытта біздің бірлескен кәсіпорынымыз - CIMS өз танкер флотын ұлғайта отырып, теңіз тасымалының ірі логистикалық компаниясына айналуы мүмкін", - деді М.Мырзағалиев.

Бұдан бөлек, М.Мырзағалиев пен М.Джума әл-Шамиси ADP-дің БАӘ-дегі және басқа елдердегі нысандарына қазақстандықтарды жұмысқа орналастыру бағдарламасын талқылады. Қазіргі кезде осы саладағы компаниялар арасында бес жыл ішінде отандық мамандарды жұмысқа қабылдауды көздейтін келісім жобасы дайындалуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT