«Қазақстан монеталары» мобильді қосымшасы іске қосылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі  Ұлттық  Банктің монета өнімдерін жылжыту шеңберінде «Қазақстан монеталары» мобильді қосымшасын (бұдан әрі – мобильді қосымшасы) әзірлеу және іске қосу бойынша жұмыс жүргізді.

Мобильді қосымша Ұлттық Банктің барлық шығарылған монеталары туралы ақпаратты қамтитын айналыс, коллекциялық және инвестициялық монеталардың электрондық каталогы түрінде жасалған.

Мобильді қосымшада барлық монеталардың қысқаша сипаттамасы   бар сериялар бойынша тақырыптық бөлімдер бар. Жеке монеталар үшін қолданбада бейнелерге   сілтемелер, монеталардың 3D кескіндері, сондай-ақ   толықтырылған шындық элементтері бар.

Сонымен қатар қосымшада өзіндік электрондық базаны коллекцияны) жасау мүмкіндігі бар әртүрлі пайдалану опциялары   қамтылған. Бұл әсіресе коллекционерлер   үшін   өте   маңызды, өйткені  бұл қағаздағы қол жетімді монеталардың есебін жүргізуге ыңғайлы балама.

Мобильді қосымшасы – бұл   Қазақстанның   нумизматика   тарихына   саяхат, түрлі дәуірлер мен кезеңдердегі сәулет және мәдени ескерткіштермен, маңызды тарихи оқиғалармен және қазақ халқының көрнекті қайраткерлерімен, оның бай мәдениеті мен дәстүрлерімен     танысу. Қосымшаны PlayMarket (https://play.google.com/store/apps/details?id=com.nbrkcoins) және AppStore (https://apps.apple.com/kz/app/монеты-казахстана/id1622348871) дүкендерінен жүктеп алуға болады.

 

 «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалының қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521