Қазақстан халқы туралы жаңа деректер жарияланды

2023 жылдың қаңтар-маусым айларындағы елдегі демографиялық жағдай туралы нақтыланған ақпаратты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша халық саны 19 899 377 адамды құрады, оның ішінде 12 317 671 адам қала тұрғындары, 7 581 706 адам ауыл тұрғындары, 48,8 пайызы ерлер, 51,2 пайызы әйелдер", - делінген Ұлттық статистикалық бюросының хабарламасында.

Бірінші жартыжылдықта Қазақстанда 189,5 мың бала дүниеге келсе, оның 98 мыңы ұл, 91,5 мыңы қыз бала. Туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 19,2 туылды. Ең жоғары туу көрсеткіші Маңғыстау (1000 тұрғынға шаққанда 25,97 адам), Түркістан (25,46) облыстарында және Шымкент қаласында (24,7) тіркелді.

Көрсетілген кезеңде қайтыс болғандар саны 63,6 мың адамды құрады, ал 1000 адамға шаққандағы өлім көрсеткіші 6,44-ті құрады. Осылайша, жарты жылда халықтың табиғи өсімі 125,9 мың адамды құрады.

Өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші Шығыс Қазақстанда (1000 тұрғынға 11,07), Солтүстік Қазақстан (11,06) және Қостанай облыстарында (10,04) байқалды, бұл осы өңірлер халқының жас құрылымымен байланысты.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, бір жасқа толмаған алты айда 1454 сәби шетінеп, 1000 туылғанға шаққандағы нәресте өлімінің көрсеткіші 7,67 құрады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521