Әйелдер форумында

Атырау қаласындағы Абай орталығында М.Досмұхамбетовтің қатысуымен «Жетістік жолдары: әйелдер белсенділігінің қоғамдағы рөлі» облыстық әйелдер форумы өтті.

Оның жұмысы жергілікті әйел-кәсіпкерлердің төл өнімдері ұсынылған көрмеден басталды. Қатысушылар алдымен «Тәуелсіздік, тарихнама және әйел» атты бейнероликті тамашалады. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов құттықтау сөз сөйлеп, әйелдердің қоғамдағы белсенділігін тілге тиек етті. «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Рашиля Мүрсәлиева жүрекжарды лебізін білдіріп, заман талабына сай өңірдегі іскер әйелдердің жетістіктерін алға тартты.

Модератор, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төраға орынбасары Нұрлы Әйтиева «Саясаттағы әйелдердің шешім қабылдау деңгейі», «Алмас Семсер» ЖШС директоры Гүлжан Мұқатаева «Бизнестегі әйел – қоғамның тұрақты дамуының кепілі», С.Өтебаев атындағы Атырау және мұнай газ университетінің ректоры Гүлзада Шакуликова «Ғылымды дамытудағы әйелдердің рөлі», Жылой аудандық орталық аурухана меңгерушісі Сәуле Мәмбетова «Ана мен бала денсаулығы – басты назарда», Исатай аудандық білім беру бөлімінің басшысы Гүлайна Құрманғалиева «Білім беру саласындағы жетістіктер», Құрманғазы ауданы, Сафон ауылдық округінің әкімі Роза Қамзаева «Мемлекеттік басқару жүйесіндегі әйелдердің рөлі», Индер ауданы, жеке кәсіпкер Мира Сержанова «Отбасылық кәсіпкерлік – жемісті еңбек», Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы Жәния Ізбасқан «Мәдениеттегі белестер» тақырыптарында баяндама жасады.

Форум соңында аймақ басшысы М.Досмұхамбетов түрлі салаға өз үлестерін қосып жүрген нәзікжандыларды өзінің алғыс хатымен марапаттады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521