ІТ саласына қызығушылығын арттыру – заман талабы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында еліміздің дамуы цифрландыру үдерісіне тікелей байланысты екенін атап өтті. Цифрлық технологиялар бүгінде экономиканың барлық саласына серпін беріп, халықтың өмір сапасын арттырудың маңызды тетігіне айналды.

Әсіресе, мемлекеттік қызметтерді онлайн форматқа көшіру, ауыл-аймақтарды интернетпен қамту, жас ұрпақтың ІТ саласына қызығушылығын арттыру – заман талабы. Бұл бағытта ауыл мектептерінде робототехника мен бағдарламалау үйірмелерін дамыту, жас мамандарды қолдау маңызды.

Цифрландыру – тек техника емес, ол ойлау мәдениеті мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын күш. Сол себепті әр азамат цифрлық сауаттылықты арттыруға ұмтылуы тиіс.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT