Ішімдік ішкен жүргізуші жауапқа тартылды

Кенттің Шығыс мөлтек ауданында орналасқан «Айналайын» балабақшасының тұсында алкогольдік ішімдік ішіп, масаң күйде көлік басқарған жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

2020 жылғы 20 қаңтарда түнгі 01 сағат 20 минут шамасында «ВАЗ 21113» маркалы, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі Х489PA63  көлік құралын жүргізген Г.К есімді азамат ұсталған. Медициналық куәландыру қорытындысына сай, ол «жеңіл» дәрежедегі алкоголь ішімдігін пайдаланған болып шықты. 

- Жүргізуші қателігін толықтай мойындап, өзіне қатысты толтырылған хаттамамен келісетінін, құқық бұзушылық жасағанын сезінетінін және енді қайталанбайтынын айтып өз түсінігін берді, - деген соттың кеңсе меңгерушісі Г.Егізбаева алайда заң бұзғандықтан оның жауапсыз қалмайтындығын жеткізді.

Сондай-ақ жүргізуші әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 15 (он бес) тәулікке әкімшілік қамаққа алынып және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасына қаулы шықты.

Міне, заң күшейтіліп, жауапкершілік жоғарылағанымен жүргізіушілер айылын жияр емес.

А.БОКИРОВА.

Индер ауданы

Сурет дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз