Ішімдік ішкен тұрғын автокөлік жүргізу құқынан айрылды

Индер аудандық полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің Патрульдік полиция тобының қызмет инспекторлары, аудан орталығын автопатрульдеу кезінде 11.07.2021 жылы автокөлікті басқару кезінде ішінара күдік келтірген автокөлік басқарған жүргізуші тоқтатылды.

Осы бойынша аталған азаматты тексеріп, сыртқы қарау кезінде көліктен алкогольдік ішімдік иісі шыққаны анықталып, жүргізушінің ағзасынан жүйке жүйесіне әсер ететін психотропты немесе алкогольді ішімдік бұйымдарын анықтау сараптамасы тағайындалып, аталған жүргізуші медициналық сараптама қорытындысымен көлікті алкогольді ішімдік ішкен күйде басқарғандығы жөнінде қорытынды жасалды.

Қорытынды негізінде аудан тұрғыны К.Н. есімді азаматқа лауазымды тұлғаның қатысуымен ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, жедел түрде шешім қабылдау үшін Индер аудандық сотына жолданды.

Сот қаулысы негізінде аталған азаматтың жасаған іс әрекетіне 15 тәулікке әкімшілік қамақ және 7(жеті) жыл мерзімге жүргізуші құқығынан айыру әкімшілік жазасы тағайындалды.

"Дендер-Ақпарат"

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT