Іргелі ауылға айналды

«БИЫЛ ҚАСТЕРЛІ ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗГЕ 30 ЖЫЛ ТОЛАДЫ. БҰЛ – ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІГІНІҢ, АТАБАБАЛАРЫМЫЗ АҢСАҒАН АЗАТТЫҚТЫҢ ТҰҒЫРЫ НЫҒАЯ ТҮСКЕНІН ӘЙГІЛЕЙТІН МАҢЫЗДЫ БЕЛЕС. ТАРИХ ТҰРҒЫСЫНАН АЛҒАНДА, ОТЫЗ ЖЫЛ – КӨЗДІ АШЫП ЖҰМҒАНДАЙ ҚАС-ҚАҒЫМ СӘТ. ДЕГЕНМЕН, БҰЛ КӨПТЕГЕН ХАЛЫҚТАР ҮШІН ҚИЫНДЫҒЫ МЕН ҚУАНЫШЫ, ДАҒДАРЫСЫ МЕН ДАМУЫ АЛМАСҚАН ТҰТАС ДӘУІР ДЕУГЕ БОЛАДЫ. БІЗ ДЕ ОСЫНДАЙ ЖОЛДАН ӨТІП КЕЛЕМІЗ», - ДЕГЕН БОЛАТЫН МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗІНІҢ «ТӘУЕЛСІЗДІК БӘРІНЕН ҚЫМБАТ» АТТЫ МАҚАЛАСЫНДА. ОСЫ ДӘУІР АЛМАСҚАН ШАҚТЫҢ ЫҚПАЛЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІР БӨЛШЕГІ АУДАНЫМЫЗҒА ДА ОҢАЙ БОЛМАҒАНЫ АЯН. АЛ КӨКТОҒАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ БҰЛ ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢ ҚИЫНДЫҒЫН ҚАЛАЙ ЕҢСЕРДІ? БІЗ СОНЫ САРАЛАП КӨРЕЙІК.

Көпшіліктің күнкөрісі қиындаған шақта, жұмыссыз қалған ауылдың кейбір тұрғындары жергілікті әкімдікті жағалай бастады. Оларды жұмыспен қамту үшін шаруа қожалық иелеріне үнемі қолқа салуға тура келіпті.

- Кейбір балалы-шағалы үйлерде тіпті қиын болғанын көз көрді. Дастарханында тәтті тағамдар мен етті айтпағанда қара нанға зар болып қалды. Балаларын мектепке жіберетін киім-кешектері де жетіспеді. Осы кезде жеке шаруа қожалық басшыларын ұйымдастырып, 2-3 үйге бір қаптан астық және шай-секерін үлестірдік. Оның үстіне қайтыс болған адамдардың үйіне де азықтүлікпен және жерлеуге керекті құрал-жарақтарын ұйымдастырып жүрдік. Сол кезде қожалық басшыларымен қатар ауыл емханасының бас дәрігері Сансызбай Иманғалиев өз мамандығының білгірі ретінде халыққа шипа дарытумен қатар әлеуметтік жағынан талай жанға қамқорлық көрсетті, - дейді алғашқы ауыл әкімі.

Әрі бұл кезеңде тұрғындардың қақаған қыста үйлерін жылыту жайы қиындап кеткен. Үй суық, қазіргідей табиғи газ қайдан болсын. Бұрынғыдай тасымалданып әкелінетін көмір тапшы, жағарға отын да болмады. Өкінішке орай, осындай қилы шақта кейбіреулер ауыл ішіндегі жасыл-желектерді отауды шығарды. Ауылдан Атырау-Орал автокөлік жолына дейінгі жасыл-желектің дені шабылып, отынға кетті. Тоғай қорықшысынан да қаймықпай отын тасып жатты...

248184200_1564402333899586_760677688637052126_n

-1999-2000 жылдары табиғи газдың келуі ауыл халқына жылуын әкеліп, құтын дарытты. Ауылға газ желілері жүргізіліп, алғаш рет ауылдағы Қалыбай Шорабаев пен көршісі Үміт апайдың үйіне тартылған сәттегі қуанышты күндер күні кешегідей көз алдымда. Келесі жылы ауылдың барлық үйлеріне газ желілері тартыла бастады. Сол кезде аудандық газ бөлімшесінің бастығы болған Дүйсенқали Төленов ауыл тұрғындары арасындағы әлдері жетпегендерге талай мәрте газ қосып беруге жәрдемін тигізді. Ауылдағы шаруа қожалық басшылары да бұл игілікті іске атсалысты, - дейді Әзен Өтеу.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521