ИНВЕСТИЦИЯ – ЕЛ ИГІЛІГІНЕ

Ел экономикасын арттырып, халықтың әл-ауқатын жақсартып, жаңа жүмыс орындарын құруда инвестицияның алар орны ерекше. Осыған орай, Мемле - кет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бағытта атқарушы билік мемле - кетке алақан жайып отырмай, өздігінен ізденіп, шет мемлекеттерден инвестиция тартуға дағдылану қажет екенін аймақ басшыларына қатаң тапсырып келеді.

Басқаны айтпағанның өзінде, биылғы жылы жаңадан тағайындалған Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент:- «Ішкі және сыртқы инвестицияны айтарлықтай көбейту керек. Бұл – жаңадан құрылған Инвестициялық штабтың негізгі міндеті. Штаб елге инвестиция тартуға қажетті біртұтас экожүйе қалыптастыруы тиіс. Даму институттарының жұмысын жандан- дырып, бизнес өкілдерімен тиімді диалог жүргізуге тиіс. Шетелдегі мекемелердің, орталық пен аймақтардың арасында тығыз байланыс орнату қажет.

Ең бастысы, Инвестициялық ш т а б қ а ж е т т і ш е ш і м д і д е р к е з і н д е қабылдауы керек. Мекеме басшыларының шетелге жасаған әрбір іссапары нақты нәтиже беруге тиіс. Сапар қорытындысы бойынша Үкімет басшылығына, қажет болған жағдайда Президентке есеп берілуі керек. Инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысты кедергілер, әсіресе, аймақтарда жиі болып тұрады. Әкімдер инвестиция тартудың орнына ескі әдетке салып, бюджет қаражатына сеніп оты - рады. Аймаққа жеке инвестиция тарту әкімдердің ең басты міндетінің бірі болуы керек, – деген болатын. Осыған орай, Аты- рау облысының әкімі Серік Шәпкеновтың бастамасымен облыс әкімінің орынбасары Марат Бисенғалиұлы Мурзиев бастаған делегация бауырлас Түркия мемлекетіне арнайы іссапармен барған болатын.

Де - легация құрамында аудан әкімі Дарын Шамұраов та болған еді. Басты мақсат – аймаққа инвестиция тарту, өндіріс және ауыл шаруашылығын дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашу. Іссапар барысында Стамбул және Анкара қалаларындағы кәсіпорындармен және ауыл шаруашылығы саласындағы жасалып жатқан жұмыстармен танысып, тәжірибе алмасқан көрінеді. Аудан басшысы Да - рын Дүйсембайұлы ауданымыздың ауыл шаруашылық саласы мен тау-кен өндірісінің бүгінгі әлеуеті туралы таныстырған. Аталған мемлекеттің экономикалық да- муы жоғары деңгейде қалыптасып келеді. Түркия тоқыма, металлургия, тамақ және дәм, химия, машина жасау және тау-кен өнеркәсібін дамыту және кеңейту бой - ынша белсенді жұмыс жасауда. Ел хром рудасының елеулі экспорттау - шысы болып табылады.

Сонымен қатар, мыс, вольфрам, уран және марганец руда- лары, сынап, күкірт, бораттар, алтын және күміс өндіріледі. Т ү р к и я д а э л е к т р о н д ы и н д у с т р и я айтарлықтай қарқынмен дамып келеді. Осы- лайша, елімізде радио, теледидар және те - лефон аппаратураларын, компьютерлерді және басқа да көптеген техникаларды жап- пай шығару жолға қойылды. Экспорттала- тын өнімдердің арасында жетекші орынды электронды термометрлер алады. Даму қарқыны жоғары мемлекетке кім-кімнің болмасын қызығушылығы жоғары бола - тыны сөзсіз. Осы сапарда қазақстандық делегация бірқатар келісімдерге қол жеткізіп, өзара әріптестік байланыс орнатуға уағдаласқан болатын.

Түрік бауырлар сол сапардан соң Қазақстанға, оның ішінде Атырау облы - сына келіп байланысты тереңдетуге ниет танытқан. Айтқандайын, Түрік бауыр - лар күні кеше ғана өз уәделеріне тұрып, Атырауға аяқ басты. Аймаққа келген инвесторларды об - лыс әкімі Серік Жамбылұлы Шәпкенов арнайы қабылдап, жергілікті атқарушы органдарға заңдылық аясында барлық қолдауды ұйымдастыруды тапсырды. Аталған инвесторлар жотасы биік Дендерге де келіп, бірқатар нысан - дарды аралаған. Ауданның әлеуметтік- экономикалық жағдайымен танысты. Сапар барысында аудан әкімі Дарын Шамұратов инвесторлармен ауданның логистикалық-транспорттық әлеуеті, це- мент өндірісінің қоры және мал азығын дайындау, жылыжай шаруашылығына қатысты пікір алмасып, жобаларды іске асыруды талқылады.

Сөз орайында айта кетейік, аталмыш мемлекетте ауыл шаруашылығын, оның ішінде, егін шаруашылығын дамыту жолға қойылған. Әсіресе, тамшылатып суару технологияларын кеңінен өндіреді. Осы мемлекеттегі «АФКО» фирмасы дайын - дайтын тамшылатып сурару құрылғыларын ауданымыздың шаруагерлері де пайдала- нып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің сол жолғы кеңейтілген мәжілісінде жарты жылдың нәтижесі бой - ынша инвестициялық штабтың жұмысы қорытындысында әрбір министр мен әкімнің осы бағытта атқарған жұмысына нақты баға берілетінін қадап айтты. Ен - деше, сең қозғалды. Үміт ақталсын дейміз.

Сұңқар Көшеков

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521