Ақпан айынан бастап Индер аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі жанындағы «Жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесі» КММ-сінде Бөдене, Елтай, Есбол ауылдарынан келетін мүм-кіндігі шектеулі балаларға инватакси қызмет көрсетеді.
Қазіргі таңда бұл бөлімшеде 1,5 жастан-18 жас аралығындағы 16 мүмкіндігі шектеулі бала тіркеуде бар. Олар кестеге сай 09:00-ден-13:00-ге; 14:30-ден-18:30-ға дейін ем-дом алады.
Бөлімше басшысы Айнагүл Жөкен: -Бізде әрбір мүмкіндігі шектеулі тұлғаға инватакси қызмет көрсетеді. Ол үшін бөлімшеге өтініш, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы, мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесін бір күн бұрын тапсыру керек. Сондай-ақ бөлімшеде диспетчер жұмыс істейді, азаматтардан өтінім қабылдап, сапар күнін, уақытын жазып алып хабарласып отырады.
Заңдылығында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды сот, прокуратура, заң консультациялары, нотариус, медициналық мекемелер, әуежайлар, темір жол, автовокзалдар, теңіз және өзен порттары, арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсететін ұйымдарға тасымалданады.
«Дендер»-Ақпарат.