Интернет алаяқтардан абай болыңыз!

Интернеттегі алаяқтық оңай ақша табу, яғни, алаяқтық қылмысының барынша таратылған түрлеріне айналды.

Мысалы көп адам Интернет-банкингті пайдаланады. Оны Интернет алаяқтар да біледі, олар сенгіш пайдаланушыларды алдаудың көптеген тәсілдерін ойлап тапты. Белгілі интернет-сайттардағы сауда алаңдарын пайдалану арқылы алаяқтық қылмыстық фактілері жиі кездеседі, атап айтқанда kolesa.kz, adi.kz, olx.kz dogovоr24.kz және тағы да басқалары.

Алаяқтар Facebook, VКontakte, Mail.ru, «Однакласники», сондай-ақ WhatsApp, «Тelegram», «Intsagram» әлеуметтік желілерін пайдалану арқылы әр түрлі тауарларды, өнімдерді және қызметтерді сатуға жарнама орналастырады. Бұл жағдайда, сандық көрсетілімі бар белгілі бір өнімді сатқанда, алаяқтар алдын ала «QIWI» әмиянға, түрлі банктердегі шоттарға төлем аударуды талап етеді. Кейінен шот иелері тексерілген кезде олардың өзге адамдардың атына тіркелгені белгілі болады. Алдын ала төлемін алған алаяқтар құрбандарымен кез келген уақытта байланыста болады.

Төмендегідей қарапайым шараларды сақтау интернет-алаяқтардың құрбаны болмауға мүмкіндік береді:

- Расталмаған сату көздерін пайдаланбаңыз;

- Кез келген жағдайда сіздің банк карталарыңыздың және шоттарыңыздың мәліметтерін ешкімге бермеңіз, әсіресе интернет арқылы байланысқан кезде;

- Интернетте, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы жасалатын күмәнді мәліметтерден бас тартыңыз;

- Интернет-порталдар арқылы мүлікті сатып алу кезінде ешқашан алдын ала келісім жасамаңыз;

- Төлем жүйелерімен белгісіз тұлғаларға ақша аудармаңыз;

- Автомобилдерді, басқа қалаға арналған қосалқы бөлшектерді сатып алғанда, достарыңыз бен таныстарыңызға айтып, сатушымен кездесуге және сатып алынған өнімді тексеруді өтініңіз.

Индер аудандық полиция бөлімінің

криминалдық полиция бөлімшесі

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика