Инспекторлар дәрігерлерді соққыға жығыпты

  • Есбол ауылындағы учаскелік инспекторларға арналған пәтерге өткен жылы қыркүйекте Оңтүстік Қазақстаннан келген екі жалпы практикалық дәрігер орналасып, халыққа едәуір қорған болған. Алайда жаңа жыл қарсаңында түн мезгілінде екі инспектор келіп, жазықсыз жандарға тиісіп, арты шатаққа ұласқан. Ауданның бас дәрігері А.Доспаеваның айтуынша, сол оқиғадан соң екі дәрігер туған жеріне кетіп қалған. Онсыз да дәрігер тапшы болып жатқанда, полиция қызметкерлерінің бұл әрекеті жығылғанға жұдырық болып отыр.
  • Бұл туралы Атырау облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Н.Оразбаевқа хат жолдағанымызда, төмендегідей жауап алдық:
  • « Атырау облысы полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасы хабарлайды: Аталған факті өткен жылы Есбол ауылында орын алған. Сұрағыңызда көрсетілген қызметкерлердің жұмыстан тыс уақытындағы әрекетіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексігің 107-бабы 1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілген. Алайда, қылмыстық құқық бұзушылық құрамы және жәбірленушілердің арыз-талаптары болмауына байланысты қылмыстық іс өндірістен тоқтатылған. Полиция қызметкерлеріне қатысты жұмыстан тыс уақытта құқық бұзушылыққа жол бергені үшін қызметтік тексеру жүргізілуде».
  • Ал ауыл ардагері Б.Иманғалиев: - Мұның бәрі округ әкімінің жауапкершілігіе байланысты деп ойлаймын. Өйткені, біздің Президенттің осы жердегі өкілі сол кісі. Біріне-бірі қабаттастырмай, сол жас дәрігерлерді қамқорласа қайтеді. Ауыл халқы "дәрігер жоқ" деп қиналып жүргенде, билік біздің ұсынысымызға орай керемет маман[1]дарды әкеліп берді. Тым жақсы, іші-бауырымызға кіріп тұратын балалар еді. Айналып келгенде, тағы дәрігерсіз қалдық. Кім кінәлі? Бұл жайтқа қатысты қоғамдастық кеңес, ақсақалдар бас қосып, ауыл жайын сарапқа салғанын естігенім жоқ,-дейді.
  •  Осылайша, айдын күннің аманында инспекторлардың кесірінен есболдықтар тағы да дәрігерсіз қалып отыр.
  • Ж.ИСЛАМҒАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521