Индерлік азамат 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

Volkswaqen Polo көлік құралын алкогольдік ішімдік ішіп басқарған күйінде ұсталған азамат Ш.Д.-ға қатысты істі қараған аудандық сот прокурордың ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны бойынша оны кінәлі деп тану туралы ұсынысын қанағаттандырды.

Сонымен қатар оған он бес тәулікке қамаққа алу және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза қолдануды аудан соты жөн деп тапты. Медициналық куәландыру қорытындысы айыпталушының алкогольден «жеңіл» дәрежеде масаң күйде болғанын анықтады.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 13 қарашадағы №1196 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жол жүрісі Қағидаларының 2.4 тармағының 2) тармақшасының талабына сәйкес, жүргізушіге масаң күйде (алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық); реакциясын және назар аударуын нашарлататын дәрілік препараттардың әсерімен; жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін сырқат немесе шаршаулы күйде көлік құралын басқаруға тыйым салынған.

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521