Индерліктер де Жолдауды бірге тыңдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын жасады. Президенттің Жолдауы барлық мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарынан тікелей эфирде көрсетілгені белгілі. Аудандық ардагерлер алқасының кең залында ардагерлермен қатар аудандық ішкі саясат, редакция қызметкерлері Жолдауды бірге тыңдадық. Өздеріңіз куә болдыңыздар Жолдауда елдің бірлік мәселесі басты назардан тыс қалмады.

"Бірлігіміз - әралуындықта. Біздің азаматтар үшін толеранттық өмірлік маңызға ие. Біз радикализмнің кез келген формасын болдырмаймыз. Бірлігімізді көзіміздің қарашығындай сақтауымыз қажет. Адамды тіліне, дініне, нәсіліне қарай кемсітуге болмайды", - дейді Президент Тоқаев

. Сондай-ақ Президент қоғамда қызу пікір талқылауға түскен Мемлекеттік тілдің маңыздылығы да тоқталды. "Қазақ тілі - мемлекет саясатын дамытудың басым бағыттарының бірі. Қазақ тілінің өрісі тым шектеліп бара жатыр деуге негіз жоқ. Ата заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар - бұл қазақ тілі. Болашағымызды дамытатын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюы қажет", - деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Жолдауда бюджет саласындағы қызметкерлерінің жалақысын және ең төменгі жалақы мөлшерін өсіруге, жалпы әлеуметтік саланы көтеруге басым бағыт бергеніне куәсіздер. Тікелей эфир аяқталған соң аудандық ардагерлер алқасының төрағасы Өтеп Нұриевті сөзге тартқан едік. - Президент Жолдауында біраз мәселеге қанық болдық. Елімізде індетке байланысты орын алған эпедемиялық ахуалға, одан шығу жолдарына маңыз берілді. Әсіресе, вакцина алмасақ бұл дерттен шыға алмайтынымызға назар аударды. Біз аграрлы мемлекетпіз. Ауылшаруашылығын әлде де дамыта түсуге мол мүмкіндігіміз бар.

Бірақ бұл саланы әлі де кешенді дамытуда кемшіліктер кездесіп отырғаны рас. Жергілікті жердегі шаруа қожалық иелерінің, басқа да ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің осындай жүрекжарды күрмейлі мәселелері Үкіметтің, Президенттің құлағына жетіп отырғаны қуантып отыр. Президент Жолдауында жалпы халықтың әлеуметтік тұрмыстық жағдайын жақсартуда көп көңіл бөлініп отырғаны көңіл қуантады, - деді алқа төрағасы Өтеп Қасибаұлы. Сондай-ақ Жолдауда айтылған бастамаларды ой елегінен өткізген басқа да тыңдармандар өз ойларымен бөлісті.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521