Индерліктер де праймеризге қарқынды кірісті

Елдегі саяси алаңдағы жаңашылдық – праймеризді өткізу жұмыстары жер-жерде қарқынды жүргізіліп жатыр.

Ауданда әйелдер тарапынан ерекше белсенділік байқалады. Индер ауданы бойынша қатысуға ниет білдірген 50 адамның 16-сы – қыз-келіншек. Ал жас ерекшелігіне келер болсақ, 35 жасқа дейін 13, 36-50 жас аралығында 19, 50 жастан жоғары 18 кандидат бар.

Қоғамның әр саласынан шыққан үміткерлер әлеуметтік желі арқылы бағдарламасын ұсынып, көптің қолдауына ие болғысы келеді. Олардың атқарған жұмыстарына орай әр алуан пікір айтылса, енді бірі жерлестеріне сәттілік тілеп жатыр. 18 қыркүйекте аудандық мәдениет үйінде өтетін алғашқы пікір-сайыс кәсіпкер, дәрігер, колледж директоры және аудандық, облыстық мәслихат депутаттарының арасында өрбиді. Қай-қайсысы да болашақта түрлі деңгейдегі депутаттық мандатқа ие болуды көздеп отыр. Ал оны уақыт көрсетеді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521