Индерлік шаруагерлер 58 миллион теңге субсидия алды

Таяу арада индерлік 68 шаруа қожалығы күн сәулесі арқылы қуаттанатын технологияны қолдау үшін жергілікті әкімдіктен қолдау тапты, деп хабарлайды ATPrsess kz

Бұл туралы онлайн есеп беру кезінде мәлімдеген Индер ауданының әкімі Мейірім Қалауидің айтуынша, жалпы өңірдің ауыл шаруашылығын заманауи технологиялармен қамтамасыз ету мен жабдықтау нақтылы жүзеге асып келеді екен.

Айталық, аудан бойынша 355 675 га жайылымның 80,0 % (284 540 га) жері электронды картаға енгізіліпті. Егін шаруашылығын дамыту мақсатында 500 гектарға (2019 жыл 460 гектар) тамшылатып суару технологиясымен дақылдар егілген. 2020 жылы 18 шаруа қожалығы 242 тонна тыңайтқыш пайдаланған.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі жыл қорытындысымен 521,4 млн.теңгеге жетіп, 2,4 есеге артыпты. Ауыл шаруашылығы бағытындағы 48 шаруашылық құрылымдарына 58 млн. 033,6 мың теңгенің субсидиясы төленді.

ATPrsess kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521