Индерлік Ерлан Утепов – Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Астанада алғаш рет ұйымдастырылған пара дзюдодан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Жеке сайыстар бойынша өткен бұл дүбірлі додада Қазақстан құрамасы керемет нәтиже көрсетіп, ел қоржынына 2 алтын, 2 күміс және 5 қола медаль салды.

Жалпы есебі 9 медальмен аяқталған чемпионатта жерлесіміз Ерлан Утепов те көзге түсті. J1 санаты бойынша +95 келі салмақта белдескен спортшы қола жүлде үшін өткен тартысты кездесуде мексикалық Оскар Агуэрреге айқын басымдық танытып, үшінші орынды қанжығасына байлады.

Осылайша, Ерлан Утепов ел намысын абыроймен қорғап, Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT