ИНДЕРЛІК ДОМБЫРАШЫЛАР БАС ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ

АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН III РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ-ФЕСТИВАЛІНДЕ ИНДЕРЛІК «СЕРПЕР» ДОМБЫРАШЫЛАР АНСАМБЛІ БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ.

Байқаудың мақсаты – дарынды балалар мен жасөспірімдердің қазақтың ұлттық шығармашылығын дәріптеу, оқушылардың дәстүрлі музыкалық- эстетикалық тәрбиесін жетілдіру әрі халық музыкасын насихаттау. Байқау барысында ансамбль Тоғжан Жахиннің «Дала рухы» шығармасын күмбірлете тартып, көрермен қошеметіне ие болды. Сонымен қатар, жеке орындау бойынша кіші топтың 3-сынып оқушысы Сезім Серік «Ел айырылған» атты халық күйін шертіп, бас жүлдені қанжығаласа, орта топ бойынша 2-сынып оқушысы Жанарыс Арманұлы Дәулеткерейдің «Көреғұлы» күйін, 3-сынып оқушысы Бейбарыс Әлібекұлы Т.Тоқжановтың «Желдірмесін», 5-сынып оқушысы Әміре Әліп Құрманғазының «Желкем қақпайын» тартып, І орынды иеленді.

Индер балалар өнер мектебінің жанынан ашылған «Серпер» домбырашылар ансамблі 2023 жылы құрылған. Осыған дейін де талай биіктерді бағындырып, ұлттық аспапты жанына серік етіп жүрген жас дарындарды дайындайтын жетекшісі Раушан Иманбаева байқау жоғары деңгейде өткенін айтады.

– Аталған байқауға Атырау облысынан тек біздің ансамбль қатысты. Ұлттық өнерді қолдауға арналған байқауға әр өңірдің мықты өнерпаздары жиналған. Әрқайсысының орындаған шығармалары да құнды. Соның ішінде жүлделі орындар биігінен көрінгенімізді мақтан тұтамын. Жас домбырашыларым әлі талай биікті бағындырады деп сенемін. Осы байқауда ата-аналарым қолдап жібергеніне және жа- нымнан табылғанына алғысымды білдіргім келеді,- дейді Раушан Иманбаева.

Ж.НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT