ИНДЕРЛІК АЯУЛЫМ ГРАНТ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» ОЛИМПИАДАСЫНДА МАХАМБЕТ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ АЯУЛЫМ МОЛДАБАЙ ІІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛЫП, АСТАНАДАҒЫ «ТҰРАН» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ГРАНТЫН ЖЕҢІП АЛДЫ.

Олимпиада оқушылардың қазақ тіліне, қазақ әдебиетіне, салт-дәстүріне, мәдениетіне деген қызығушылықтарын арттыру, қазақ тілінің тарихын үйреніп, білуге ынталандыру, білімдерін жетілдіру мен тереңдету, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, дарынды оқушыларды анықтау және қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған.

Республикалық олимпиадаға 200-ге жуық оқушы қатысты. Олар «Бейнелеушілер», «Жас қаламгер», «Білгірлер бәйгесі», «Сөз шеберлері» және «Әнші-бұлбұлдар» бағыттары бойынша сайысқа түсті. Индерлік Аяулым Молдабай «Сөз шеберлері» бағытына қатынасып, қатарластарынан оза шапты. Жетекшісі Ардақ Хайрлиева шәкіртінің додада топ жарып, грант иегері атанғанын бізге қуана хабарлады.

– Шәкіртімді 5 сыныптан бері тәрбиелеп келе жатырмын. Болашақта қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығын таңдап отыр. Көркем әдебиет оқуға деген ынтасы зор. Осы пән бойынша республикалық пәндік олимпиаданың 3-кезеңінің жүлдегері, “Абайтану” олимпиадасы, “ Ақберен” шығармашылық байқауы секілді бірнеше аудандық, облыстық байқаулардың жеңімпазы атанды. Шәкіртімнің бағындырар белесі көп болсын, – дейді Ардақ Хайрлиева.

Жадыра НАРИМАНОВА

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT