Индерлік тұрғын жүргізуші куәлігінен жеті жылға айырылды

Ащы судың буымен «Nissan Terrano» көлігін басқарған тұрғынға қатысты іс аудандық сотта қаралды.

Сот Н.С.М-ге қатысты прокурордың ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны бойынша кінәлі деп тану туралы ұсынысын қанағаттандырды.

Сонымен қатар оған он бес тәулікке қамаққа алу және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза қолдануды аудан соты жөн деп тапты. Медициналық куәландыру қорытындысына сай, айыпталушы Н.С.М.-нің алкогольден «орташа» дәрежеде масаң күйде болғанын анықтады.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 13 қарашадағы №1196 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жол жүрісі Қағидаларының 2.4 тармағының 2) тармақшасының талабына сәйкес, жүргізушіге масаң күйде (алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық); реакциясын және назар аударуын нашарлататын дәрілік препараттардың әсерімен; жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін сырқат немесе шаршаулы күйде көлік құралын басқаруға тыйым салынған.

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521