Индерлік 48 түлек мемлекеттік грант иегері атанды

Жақында Атырау облысы әкімдігі жанындағы Білім беру грантын беру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өтіп, оның шешімімен атыраулық 78 түлек облыс әкімінің гранты бойынша тегін білім алады, деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз-қызметі.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың төрағалығымен өткен отырыста білім беру гранттары жергілікті жердегі кадрлардың тапшылығын шешу мақсатында облыстық бюджет есебінен білім, денсаулық, ауыл шаруашылығы және басқа да маңызды салалар бойынша бөлініп отырғаны жөнінде айтылды. Жалпы конкурсқа қатысуға 132 талапкер өтініш берген.

Айта кетейік, биыл аудан бойынша ҰБТ-ні тапсырған 237-і түлектің 48-і мемлекеттік, 12-сі облыс әкімінің, ал 2-і түлектің бірі Махамбет атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, екіншісі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректор грантын еншіледі.

Олардың ішінде Ш.Уәлиханов, Қ.Абаханов, «Көктем« қазақ орта мектебінің түлектері көш бастап отыр. Сондай-ақ мектептің аялап жүрген алтындары, яғни «Алтын белгі» иегерлерінің 15-інің он бірі, «Үздік аттестатты» алған 4 түлектің біреуі ғана грант жеңіп алғанында айта кеткен жөн.

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521