Жотасы биік дендердің орталығы Индербор кентінде орналасқан саябақтарды кезең-кезеңімен жөндеуден өткізу жоспарланған болатын. Соның ішінде орталық саябақ түнде сәулесін шашатын шамдармен сәндене түсті.
Индербор кенті әкімінің орынбасары Қайыржан Нұриевтың айтуынша, тұрғындарға жайлы, қауіпсіз әрі заманауи қоғамдық кеңістік қалыптастыру бағытындағы бұл жұмысқа 80 дана энергия үнемдеуші LED шамдар орнатылған. Кент әкімдігінің тапсырысы негізінде аталмыш жұмыстарды «KZ Строй- Модерн» ЖШС атқарып шықты.
Жаңа шамдар саябақтың келбетін айшықтап қана қоймай, тұрғындардың кешкі серуенін барынша қауіпсіз әрі жайлы етуге мүмкіндік берері сөзсіз.
С.ҰЗАҚҚАЛИЕВ