Индерде жерасты қоқыс контейнерлері қондырыла бастады

Индербордағы қоқыстың жайы бұған дейін өзекті болса, қазір бірте-бірте түйіні тарқатылып келеді. Жақында ғана кенттегі Д.Қонаев пен Тайсойған көшелеріндегі көп қатарлы үйлердің маңында үш-үштен барлығы 6 дана жаңадан жер асты қоқыс контейнері пайда болды.

Мұндай заманауи дүние Елорданың өзінде салынғанына көп уақыт бола қойған жоқ еді. Индербор кенті әкімі Асхат Аймұратов мұндай жаңа жерасты контейнерлардың кентіміз үшін аса қажеттілік екенін атап өтті.

Бұрынғы қоқыс контейнерлерінің үсті ашық болғандықтан сиыр да ит пен мысық та ауыз салғанымен қоймай айналасын шашып тастайтынын көретін едік. Яғни алаңшада орнатылған бірнеше жәшіктегі қоқыстардың жартысы жерде жататын. Жаңа жерасты контейнердің төбесі жабық бак тәріздес дөңгелек пішінде. Финляндияның технологиясымен жасалған бұл контейнердің біреуінің сыйымдылығы 3 текше метр болса, бұл кәдімгі 3 қоқыс жәшігін алмастырады. Қоқыстың тең жартысы жер астында жататындықтан да ауладағы алаңның көлемін кеңейтуге мүмкіндік береді. Оның үстіне мұндай контейнерлер бактерияның таралуы мен күн ысыған кезде жағымсыз иістің шығуын азайтады. Жиналған қоқыстарды арнайы техникамен алып кетуге ыңғайлы екен.

- Жер асты контейнерлерін жаңадан ғана қондырып бастадық. Әзірге дайындық жұмыстары жүруде. Тұрғындарға алдағы уақытта пайдалануға беретін боламыз, - деді кент әкімі Асхат Саламатұлы.

Жаңа қоқыс салғыштардың кент тазалығын сақтауға септігін тигізетініне сенімдіміз. Тек баршамыз жанашырлықпен игілігімізге пайдалана білейік.

Саламат Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521