Индерде жаңа жанар-жағармай бекеті ашылды

Индербордан Атырауға шыға берістегі автокөлік жолы бойынан «НЕФТЭК» компаниясының заманауи үлгідегі жаңа жанар-жағар май және газ құю бекеті ашылды.

Бекеттің салтанатты ашылуында аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Иманғазиев сөз алып құттықтады.

-Мемлекет басшысының аймақтарды дамыту, жаңа өндіріс орындарын ашу жөніндегі тапсырмасына сәйкес жаңа кәсіпкерлік нысаны ашылуда. Бұл ауданымызда 21 адамның тұрақты жұмыс орнымен қамтылуына қол жеткізіліп отыр. Сонымен қатар жаңа кәсіпкерлік нысаны ауданымыздың әлеуметтік – экономикалық дамуына өз үлесін қосады деп сенеміз. Ауданымызға инвестиция салып, өндіріс ашып жатқан «Нефтэк» компаниясына алғыс айтамыз, - деді әкім орынбасары Бауыржан Есқабылұлы.

neftek2

«Нефтэк» компаниясы атынан сөз алған қауіпсіздік қызметінің бастығы Дүкенбай Жалғасұлының айтуынша, бекеттің 12 колонкасында 12 автокөлік бір мезгілде жанар-жағармай құйылады. Әрі бензин түрлерімен қатар газ құю колонкасы да бірге орнатылған. Тәулік бойы жұмыс жасайды. Бекетте 20 орынға арналған күні-түні жұмыс істейтін шағын кафесі, азық-түлік және түрлі қосалқы бөлшектерін сататын дүкені бар. Бұдан басқа, ерлер мен әйелдерге арналған екі намазханасы, мұсылмандарға және балаларға арналған арнайы дәретханалар да бар.

Кешен Wi-Fi желісімен қамтылған. Аталмыш компания бұған дейін тек Батыс Қазақстан облысында жұмыс жасап келсе, енді Атырау облысындағы алғашқы бекет екен. Бұйырса келесі жылы наурыз айында Атырау-Орал автокөлік жолының Индербор кенті тұсынан екінші бекетін ашу жоспарлануда. Жаңа кәсіпкерлік нысанның алқызыл лентасын аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Иманғазиев пен ардагер Қуанғали Ғабсаламов қиды.

Ал «Нефтэк» компаниясының өкілі Дүкенбай Жалғасұлымен лентаны алғаш қиюшы жерлес ардагерге компанияның жеңілдік картасын табыс етті.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521