Индерде жүздеген жасөспірімге хаттама толтырылды

Құқықтық сауатсыздық, құқық бұзушылық мәселелері қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр, яғни ата-анасының материалдық жағдайының нашар болуына байланысты балабақша мен мектептерге бара алмауы нәтижесінде, соңғы жылдары қараусыз, үйден кетіп қалатын, жоғалып кетіп жатқан, құқық бұзушылық жасауға баратын балалар саны көбейіп отыр.

Бұл келеңсіз жағдайдың негізгі себептері бір жағынан отбасында ата-ана мен баланың арасындағы тығыз қарым-қатынастың болмауы ата-ананың бала тәрбиесіне жете мән бермей, немқұрайлы қарауы. Жасөспірімдердің қылмыстық құқық бұзушылық жасау себептерінің тағы бір көрнісі - ол шетел кинофильмдеріндегі және әлеуметтік желі ойындарындағы дөрекі көрсетілетін іс-әрекеттерді еліктеп бойына сіңіріп еліктеушілік салдарынан пайда болады.

Әрбір құқық бұзушылық пен қылмыс ол отбасы үшін орыны толмас қайғы болып есептеледі. Қылмыстың соңы өлімге енді бірі мүгедек болып жатса біреулері темір торға қамалып,өз өмірінің болашағына балта шауып жатады. Қалай десекте құқық бұзушылық пен қылмыс жақсылыққа апармайды.

Ауданымызда жасөспірімдер арасында түнгі уақытқа дейін заңды өкілінсіз жүру әлі күнге дейін азаяр емес. Ағымдағы жылы бүгінгі күнге дейін түнгі рейдтік іс-шаралар барысында жүзге жуық жасөспірім тұрғын үй жайдан тыс жерде жүргені үшін ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабының 2 бөлігімен әкімшілік хаттама жасақталды. Сонымен қатар ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамаған үшін 4 ата-анаға ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабы бойынша әкімшілік хаттама жасақталды.

Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың, зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында қиын өмірлік жағдайға душар болған жайсыз отбасыларды анықтау барысында рейдтік іс-шаралар үнемі жіргізіліп отыр.

Қазіргі таңда Бөлімнің есебінде тұрған қолайсыз отбасылармен ай сайын профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, қадағаланып отыр.Осы ретте аудан тұрғындарынан балаларыңызға жауапкершілікпен қарап, түнгі уақытта үйден тыс жібермей қадағалауларыңыз сұралады.

Г.КҰБАШЕВА

ЮПТ-ның аға инспекторыполиция майоры

Сурет дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521