Индерде қысқы гимназияда басталды

суреттер автордікі
  •  
  •  Индер ауданында облыстық ХІ қысқы гимназияда ойындары   басталды.
  • Халықаралық тәжірибеде «Универсиада» деп студент-жастардың арасындағы спорттық ойындарды айтса,  ««Гимназиада» деп мектеп оқушылары арасындағы сайысты атайды.
  • img_8432
  • Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің спорттық базасында ұйымдастырылған жарыстың ашылуында  Қазақ елінің Туы көкке көтеріліп, Гимні шырқалды. Қонақтарға  Индер ауданы әкімінің орынбасары Артур Мурзин  қош келдіңіз айтып, жас сайыскерлерге жеңіс тіледі.  Атырау аймақтық дене тәрбиесін дамыту орталығының бөлім басшысы Хангелді Байтілеуов сөз алып, аталған орталықтың естелік медалін аудан әкімінің орынбасары мен Индер аудандық білім бөлімінің басшысы Орынша Ділмұқашеваға табыс етті.
  • Бұл  мектептің спорттық базасында спорттың сан түрін дамытуға мол мүмкіндік бар. Енді, міне  қазіргідей қысты күні шыңылтыр аяз, аппақ қарда шаңғыларын  сайлап алған оқушылар  қызықты да тартысты сайыстарды бастап кетті.
  • - Қазіргідей қыстың қақ ортасында Атырауда қара жер болса, Индерде аппақ қар. Яғни  шаңғы спортынан сайыстар өткізуге қолайлы. Сондықтан да қысқы гимназияда 4 спорт түрінің шаңғы жарысы, президенттік көпсайыс, қысқы бағдарлау спорт түрлерін Индерде ұйымдастырылып отыр. Ал хоккей Атырау қаласында өтпек.
  • Облыстық кезеңде үздік танылғандар республикаға жолдама алып, Атырау намысын қорғайтын болады,  - дейді аталған облыстық орталықтың бөлім басшысы Хангелді Байтілеуовті сөзге тартқанымызда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521