Индерде улы қарақұрт қаптады

         Соңғы жылдары улы қарақұрт  қаптап, одан зардап шеккен халық дабыл қағуда. Уы жыланнан асатын  жәндіктің шарбағында қаптағаны жөнінде көктоғайлық тұрғын да дабыл қаққан болатын.  Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, 2023 жылы 16 бас түйе малы өліп, 159 түйе, 3 жылқы, 2 сиырды қарақұрт шағып, дер кезінде ветеринарлық көмек көрсетіліпті. 
        Ал, 2024 жылы 104 бас түйе,12 жылқы, 9 мүйізді ірі қара, 4 қойды шағып аман қалса, 17 бас түйе, 5 құлын, 8 мүйізді ірі қара өлген. 
Жалпы қарақұрт күн әбден ысығанда күшіне енеді. Оған қарсы емдеу мал иесінің қаражаты есебінен екені белгілі. Себебі бұл  жұқпалы аурулардың санатына жатпайды.

– Көтеріліп отырған өзекті мәселе бойынша, аудан әкімдігі тарапынан ауыл шаруашылық жануарларымен қатар адамдарға бірдей қауіп төндіретін қарақұртты улауға және жоюға бюджеттен қаржы қарастыру үшін қарақұртты аса қауіпті зиянкес ретінде реестерге тіркеу шараларының қабылдануына ықпал ету үшін Облыс әкімдігі мен салалық басқармаға ұсыныс жолданды.

Қазіргі уақытта, қолданыстағы заңға сәйкес қарақұртпен күрес үшін бюджет есебінен қаражат бөлу мүмкіндігі қарастырылмаған, - дейді аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қайткенде де әр тұрғын өзінше қарекет етіп, сақтану тәсілдерін біліп жүруі қажет. Ол үшін ветеринарлар да халыққа пайдалы кеңес беруі маңызды.
Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT