Индерде төтенше жағдайға дайындық басталды

Сурет автордікі


Индер аудандық мәдениет үйінің алдында қысқы маусымда кездесетін төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау мақсатында «Қыс-2022»  республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.
Оқу жаттығу жиынына аудандық төтенше жағдайлар бөлімі,  аудандық №5 өрт сөндіру бөлімі, полиция бөлімі,  аудандық аурухана, Индер желілік-техникалық-учаскесі, «Атырау-Жарық» АҚ-ның аудандық бөлімі, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ АӨФ Индер аудандық газ учаскесі, байланыс торабы және тағы да басқа барлығы 24 мекеме мен қызметкерлері қатысты.

i
Алдымен, аудандық азаматтық қорғау қызметінің жауапты қызметкерлері мен ауылдың тіршілігін қамтамасыз ететін коммуналдық кәсіпорындардың күш-құралдары мен техникалық әзірлігін тексеру мақсатында  саптық тұрғызу ұйымдастырылды.
Олармен аудан әкімінің орынбасары Әсет Оразғалиев, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Ахат Ахбалин және кент әкімі Асхат Аймұратов жекелей танысып өтті.

img_7942
Мекеме қызметкерлері аудандағы шұғыл әрекет ету топтары, медициналық қызмет, құтқару, байланыс, көлікпен қамтамасыз ету, азық-түлікпен, жанар-жағармаймен қамтылуы туралы баяндап, дайындықтарын жеткізді.
Оқу-жаттығу жиыны түстен кейін жалғасын табады.

 


Жадыра Нариманова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521