Индерде су жаңа техникалар табысталды

Бүгін Индер ауданында коммуналдық салаға арналған су жаңа техникалар тапсырылды.  
Оның ішінде Индербор кенті және барлық ауылдық округтердің тазалығын қамтамасыз ету бағытында 9 дана «Беларусь» МТЗ тракторы, Индербор кенті әкімінің аппаратына «LOVOL» фронталды жүк тиегіш автокөлігі және 2 дана «МАЗ» қоқыс тасуға арналған техникасы, «ИндерСу» ШЖҚ КМК мекемесіне «Камаз-манипулятор», «Hidromek» эксковатор, «Камаз» лайсорғыш және «КамАз» вакуум техникалары пайдалануға берілді.
–    Атырау облысының әкімі Серік Жамбылұлының қолдауымен 16 техникаға қол жеткізіп отырмыз. Өткен қыс мезгілінде қардың қалың түсуіне байланысты кент және ауылдық округтерде техниканың жетіспеушілігі, қолдағы техниканың тозуынан көптеген қиындықтар туындатқан болатын. Биылғы қысқы маусымда бұл қиындықтарды оңай еңсереміз деп сенемін. 
Ендігі кезекте коммуналдық мекеме қызметкерлері техникаларды ұқыпты пайдаланып, жанашырлық пен жауапкершілік танытса алдағы уақытта аудан тұрғындарына ұзақ, әрі сапалы қызмет көрсететін болады, - деді аудан әкімі Дарын Шамұратов.
Айта кету керек, биылғы жылы ауданның техникалық базасын нығайту үшін табысты жыл болды. Өткен айда ауданның ветеринария саласына жаңадан 5 «HAVAL» автокөлігі, медицина мекемелеріне 5 «Газ-Соболь» автокөліктері және ауданның дербес бөлімдеріне 3 «Chevrolet Cobalt» және 1 «Chevrolet Travel» автокөліктері табысталған болатын.
–    Бұдан бөлек, келесі аптада тағы бір жаңа техника Камаз автокөлігінің базасында жасалған кәріз желілерін тазалайтын техниканы пайдалануға беру жоспарлануда,-деді аудан басшысы қуанышты хабармен бөліскен сәтінде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521