Индерде спорт үздіктері марапатталды

«Талантты спорт үздіктері – 2025» атты Индер аудандық спорт үздіктерінің шеруі Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің базасында өтті.

Бұл шарада өткен оқу жылында спорт саласында ауданның абыройын асқақтатқан оқушылар мен ұстаздар марапатталды.

Шерудің салтанатты ашылуында аудан әкімінің орынбасары Әсет Оразғалиев, аудандық мәслихат хатшысы Абзал Рамазанов құттықтау тілектерін арнап, жеңістің биік тұғырына көтерілген командаларды марапаттады. Соның ішінде футбол, гандбол, футзал, жеңіл атлетика сынды спорт сайыстарынан үздік көрінген Ш.Уәлиханов, М.Әуезов, Махамбет, «Көктем» орта мектебінің оқушылары, «Жас мерген» (Ш.Уәлиханов о/м), «Семсер» (М.Әуезов о/м), «Сұңқар» («Көктем») әскери патриоттық клубтары құрметке ие болды.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT