Индерде үш ойын алаңы пайдалануға берілді

Ұлттық мерекеміз 25 қазан – Респбулика күніне орай бүгін Индер ауданының орталығы Индербор кентінде үш бірдей ойын алаңының тұсауы кесіліп, пайдалануға берілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
 
  Аумағы уақыт өткен сайын кеңейіп келе жатқан Индербор кентіндегі «Болашақ» пен «Шығыс» мөлтек аудандардары мен «Барлаушылар» бөлігінің тұрғындары әрбір кездесулер сайын жергілікті атқарушы билікке балалар ойын алаңдары мен спорт алаңдарын салып беруді көтеріп жүруші еді. Атқандайын, арда ағайыннның ақжолтай тілегі қабыл болып қазынадан аталған аумақтар көпшілік күткен нысандармен толықты.
 
  Осынау әлеуметтік маңызы бар нысандардың ашылуында аудан әкімінің орынбасары Артур Мурзин сөйлеп, құттықтады.
 
  - Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған өз Жолдауында бұқаралық спортты дамыту арқылы салауаты ұрпақ қалыптасыру маңызын атап көрсеткен болатын. Осыған орай Индер ауданында да нақты іс-шаралар жоспары жасақталып, арнайы орындар белгіленіп, тиісті қаржы көлемі анықталған соң республикалық, облыстық бюджеттен қаржы бөлініп аз уақыт ішінде тұрғындар тілегі орындалып отыр. Ендеше қуаныштарыңыз құтты, мерейлеріңіз үстем болсын. Шымыр ұрпақ өсіп жетіле берсін,-деді Артур Табылдыұлы.
 
  «Болашақ» мөлтек ауданының тұрғыны, зейеткер Елеу Тәжіғалиев ағамыз маңызды істің оңды аяқталғанына ризашылық білдірді.
 
  - Біз, «болашақтықтар» ерекше қуаныш сәтінде тұрмыз. Олай дейтін себебіміз, үйдегі кішкентай бүлдіршіндеріміз үшін арнайы ойын алаңдары қарастырылмаған болатын. Осы мәселені қозғағанымызға біраз жыл уақыт өтіп еді. Міне, айтылған ұсыныс шешіліп, көптің тілегі қабыл болып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халық үніне құлақ асатын мемлекет қалыптастыру бастамасын көтеріп отырған тұста біздің сөзіміздің жерде қалмағанына бек риза болып отырмыз. Сол үшін де іс басындағы азаматтарға ризашылық білдіреміз. Еліміз өркендеп, болашағымыз дами берсін,-деп ақжарма тілегін ақтарды.
 
  Ал «Әйіп қажы» мешітінің маңына салынған спорт алаңының ашылуында ауданның бас имамы Ералы Қамзағалиев сөйлеп, игілікті істің қуанышымен құттықтап, барша тұрғындарды салынған нысандарды күтіп ұстауға шақырды.
 
Аудандық қрылыс бөлімінің басшысы Алтынбаек Ғабдуллинның айтуынша, өткен шілде айында басталған спорттық нысандар футбол, балалар ойын алаңымен және Street Workout құрылғыларымен жабдықталған. Салынған әрбір спорт алаңының аумағы 1376 шаршы метрді құрайды. Міне, жостасы биік Дендер жұрты Республика күні қарсаңында осындай үлкен қуанышқа кенеліп отыр.
 
С.КӨШЕКОВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521