Бүгін Индербор кентінде жеке кәсіпкер Ерлан Меңдешовтың «Береке» атты мал бордақылау және мал сою пункті ашылды.
Кент іргесіндегі екі қабатты сәулетті нысанда мал сою орны, зертханасы, 100 бас ірі қараға арналған атшаптырым бордақылау нысаны бәрі де заманға сай жақсы етіп салыныпты, жарқырап тұр. Қажетті инфрақұрылыма да тартылған.
Ашылу салтанатында аудан әкімі Серік Нысанбаев сөз алып, бұл кәсіпкерлік нысанның аудандағы ауылшаруашылығын дамытуда жақсы қадамдардың бірі екендігін және осындай өзінің бизнесін дамытып, халық игілігіне жұмыс жасап отырған кәсіпкерлерді әрдайым жан-жақты қолдауға атсалысатындығын жеткізді.
Кәсіпкердің ағасы Дәрібай Құспанов та құттықтау тілегін жалғастырып, Серікқали ағасының қандай еңбекқор адам болған болса, оның ұлдары да сондай азамат болып өскендігіне ризашылығын білдірді.
Ал жаңа нысанның алқызын лентасын Индербор кенті әкімі Шалқар Алмурзиев пен кәсіпкердің ағайындары атынан үлкен ағасы Ақтілек қиды.
-Алдымен тәуекел етіп, кенттің іргесінен мемлекеттен 2 гектар жер алдым. Осы нысанның құрылысын салу үшін шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы мемлекеттік бағадарлама аясында «Агрокредит» аграрлық несие корпорациясы арқылы 45 млн және мал алуға 20 млн теңге жеңілдікпен несие алдым және оған өз қаражатымды қосып, іске кірістім.
Міне қазір мұнда тұтынушының қажетіне қарай малын сойып, жіліктеп, қалаған жеріне жеткізіп беруге бар жағдай жасалған. Алдағы уақытта тек ірі қара ғана емес, қой бордақылайтын орын салуда жоспарымда бар, - дейді жеке кәсіпкер Ерлан Серікқалиұлын сөзге тартқанымызда.
С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ