Индерде әлеуметтік сала қызметкерлері құрметтелді

Индер ауданында әлеуметтік сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай сала мамандары мен зейнеткерлеріне құрмет көрсету шарасы өткізілді.
Аудан орталығындағы «Ханшатыр» мейрамханасында арнайы дастархан жайылып, игі тілектер айтылды.
Онда алдымен аудан әкімінің орынбасары Артур Мурзин құттықау сөзін сөйлеп, жылы лебізін білдірді
-    Әлеуметтік сала – қиындығы мен қызығы қатар жүретін саланың бірі. Сіздер мүмкіндігі шектеулі жандардың, жалғызілікті қарттардың, жалпы қоғамда ерекше қамқорлықты қажет ететін жандарға қызмет көрсетіп, аянбай тер төгіп жүрсіздер. Көзге көрінбейтін қызметтегі еңбектеріңіз ұшан-теңіз. Сондықтан, сіздер қандай ма болмасын құрметке лайқсыздар,-деді Артур Табылдыұлы.
Арнайы басқосуда осы қызметте еңбек етіп жүрген мамандар Марат Досанов, Гүлмира Ерғазиева, Камшат Рахметуллина, Мирас Жолғалиев аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Ал, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының алғыс хаты әлеуметтік қызметкерлер Назымгүл Мекежанова мен Ақбордық Мусинаға табыс етілді.
Мерекелік шарада аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерді тіркеу бөлімінің басшысы Ажар Серікқалиева, зейнетақы төлеу орталығының директоры Гүлжамал Жалғасбаева, сала ардагері Ақкенже Ерекешова да құттықтап, жүрекжарды тілектерін жеткізді.
Ұлықтау шарасы барысында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары Серік Нысанов, Еркін Әубәкіров, Мұратбек Жұмашев, Нағим Сатимов өнер көрсетіп, ән мен күйге бөледі.
К.СҰҢҚАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521