Ел ішінде «COVID-19» вирусын жұқтыру және таралу үрдісіне тосқауыл болып, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде «Ashyq» мобильдік қосымшасы жұмысы жасап келе жатыр. Аудандық санитарлық бақылау басқармасының хабарлауынша, күні бүгінге дейін аталған мобильдік қосымшаға аудан бойынша 173 нысан тіркелген.
«Ashyq» мобильдік қосымшасы арқылы карантиндік шараларын сақтамай азық-түлік дүкенге, қоғамдық тамақтандыру орындары мен кеңселерге барған 46 адам (оның ішінде 12-сі «қызыл», 31-і «сары» мәртебесі бар) анықталды.
Ал «COVID-19» оң мәнді бола тұра карантин шектеу шараларын бұзғаны үшін 7 адамға әкімшілік іс қозғалып жалпы құны 306285 теңге айыппұл салынып, өндірілсе, 5 материал жұмыс барысында қаралып жатыр. Сонымен қатар ауырған адаммен жақын қатынаста болған, 14 күн карантин талаптарын сақтамай бұзғаны үшін 31 адамға карантин талаптарын сақтау жөнінде қаулы берілді.
"Дендер"-Ақпарат