Индерде кәсіпкер жағажай ашпақшы

Жағажай ашуға бұған дейін жергілікті кәсіпкерлерден ешкім белсеніп шықпаған екен. Бірақ...

Биыл арғы беттегі қайраңға жерін қоршауға қазық қағыла бастаған өзгерісті көріп, аудандық кәсіпкерлік және өндіріс бөлімінің басшысы Дулатбай Сариевке хабарластық.

-Бұл жерді индерлік жеке кәсіпкер жазғы маусымдық демалыс орнын жасақтауға ұйымдастырылған конкурстан жеңіп алып, іске кірісуде. Әзірге карантинге байланысты жұмысы кешеуілдеп жатыр,- деді бөлім басшысы.

Аталған жеке кәсіпкер Мақсат Құтқожинді сөзге тартқанымызда, демалыс аймағына алған 1,8 гектар жеріне сусы ішуге арналған демалыс орны, суға шомылушыларға киім ауыстыратын орындар, ересектер мен балалар волейбол алаңы, батут сынды ойын алаңдары дайындалып жатқанын айтты.

-Тұрғындардың жайлы демалуына мүмкіндігінше жағдай жасап, тазалықпен суға түсушілердің қауіпсіздігін басты назарда ұстамақ ниеттеміз. Бірақ биылғы жұмысымыз ка рантинге байланысты кешеуілдеп тұр, - деді кәсіпкер

 

Саламат БАЗАРБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз