Индерде Іqanat олимпиадасы өтуде

Бүгін Индер ауданындағы С.Сейфуллин атындағы орта мектепте V Республикалық  ІQanat олимпиадасының I кезеңі өткізілді.
Бағдарлама мақсаты – ауыл мектептерінің оқушыларын ұлттық және шетел университеттеріне түсулері үшін қолдау, ынталандыру.
 Олимпиадаға аудан мектептерінің 8 сынып оқушыларынан 172 оқушы қатысып, бақтарын сынады.
Олимпиада басталмас бұрын оқушыларға мектептің АКТ залында концерттік бағдарлама  және мотивациялық тренинг өтті. Оны Махамбет атындағы орта мектептің бұрынғы шәкірті, қазіргі кезеңде IQanat High School of Burabay мектебінің 11 сынып оқушысы Жангүл Талғатқызы жүргізіп, оқушылармен  пікірлесті.
Олимпиадаға берілген 1 сағат ішінде оқушылар кітапшадағы  (логика, оқу сауаттылығы, кеңістік логикасы) сұрақтар бойынша сынақ тапсырды.
Айта кетейік, олимпиада жеңімпаздарына жоғары оқу орындарына түсуде үлкен жеңілдіктер қарастырылған. Республикалық кезеңге дейін жетіп, жеңімпаз атанғандар шетелдің және еліміздің үздік ЖОО-ның білім гранттарын иеленетін болады.


Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521