Бас редакторлар Дендерде бас қосты

Жұма күні Индер ауданында "Атырау-Ақпарат" ЖШС жанынан құрылған Бас редакторлар клубының отырысы өтті.

Өңірге барған редакторлар алдымен ақын Мұрат Мөңкеұлы мен бард ақын Табылды Досымовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Одан соң мәдениет үйінде бас редакторлар жиынында бас қосты.

Алдымен аудан әкімі Мейірім Қалауи ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқтала келе, кешегі мемлекет басшысының Жолдауында жүктелген міндетті жүзеге асыру аясында арнайы іс шаралар жоспары жасақталып жатқанын айтты.

Одан әрі клуб өз жұмысын бастап, "Атырау-Ақпарат" ЖШС директорының кеңесшісі Исатай Балмағамбетов Президент Жолдауын БАҚ-да насихаттаудың жай-жапсарына тереңірек тоқталды. Ал аудандық газеттермен жұмыс бөлімінің жетекшісі Лена Нұрбаева газеттердің мазмұны, жетістіктері мен олқылықтарын да баян етті.

basosu

Сондай-ақ балама жазылу мәселесі де өткір мәселе ретінде талқыланды. Клуб төрағасы Таңатар Дәрелов бас редакторлардың рөлі, өңірдегі баспасөздің шығармашылық ахуалы жөнінде айтып, клубтың Бас редакторлығына "Дендер" газетінің бас редакторы Жанай Амантурлинді ұсынып, ол әріптестері тарапынан қолдау тапты.

Редакторлар клубының отырысын "Атырау-Ақпарат" ЖШС директоры Ысқақ Егембердиев қорытындылап, көтерілген мәселелерге орай өз пікірін білдіріп, негізгі атқарылар жұмыстарға тоқталды.

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз