ИНДЕРБОР КЕНТІНДЕ LED ШАМДАР ОРНАТЫЛАДЫ

Индербор кентінде көпшілік көптен күткен автокөлік жолдарының жаңартылуымен бірге басқа да көркейту, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары да жалғасуда.

Бүгінде Д.Қонаев, Н.Меңдіғалиев, Ш.Уәлиханов, Қ.Тұхфатов көшелеріне барлығы 136 дана жаңадан заманауи үлгідегі LED шамдарын орнату жоспарланып отыр. Оған 28,950 мың теңге қаржы бөлінген. Бұл жөнінде Индербор кенті әкімі Асхат Аймұратов былай дейді: «Аталған шам электр энергиясын үнемдегіштігімен ерекшеленеді, әрі жарығы мол. Бүгінде оның ток желілерін асфальт астына жүргізуге дайындалуда. Бұрынғы қолданыста болған лампалық шамдарды кенттегі жаңадан қалыптасып жатқан «Шығыс» пен «Болашақ» мөлтек аудандарының көшелеріне қондыра бастадық. Аталған мөлтек аудандағы С.Сейфуллин атындағы орта мектепке баратын көшенің бойына да орнатылды. Жалпы жарықтандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғаса беретін болады».

«Дендер»-Ақпарат.

Сурет: ашық дереккөзден алынды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз