«Индер-Қарабау» жолы қайта жаңғырады

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысына қатысты. 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері қаралған жиында аймақ басшысы баяндама жасады.

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің баяндауынша, өңірдегі республикалық маңызы бар жолдың 422 шақырымын «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында қайта жаңғырту қарастырылған. Бұл мақсатта биыл 34 млрд. теңге бөлінген. Қайта жаңғыртылатын жобалар қатарына «Қандыағаш – Мақат» және «Атырау-Астрахань» кіреді.

nurly-zhol

Құрылыс жұмыстары 2018 жылы басталған «Қандыағаш – Мақат» тасжолының 145 шақырымында қозғалысты жыл соңында ашу жоспарлануда. Ал, ұзындығы 277 шақырым болатын «Атырау-Астрахань» РФ жол участкесінде толық ауқымды жұмыстар жасалып жатыр. Бүгінге дейін жобаның 217 шақырым участкесіне қатысты мердігерлік ұйымдармен келісім шарттарға қол қойылып, дайындық жұмыстары жасалуда. Халықаралық автомагистральдің қалған 60 шақырымы республикалық бюджеттен жүзеге асырылып, жыл соңында пайдалануға беру көзделіп отыр.

Екі бағыттағы жол құрылыс жұмыстарына 600 адам, 382 арнайы техника тартылған. Жол құрылысына қажет 300 кәсіби маман дайындау жоспарлануда. 2019 жылы жергілікті жолдарды дамыту мақсатында 37 елді мекенде 230 шақырым жол жөнделді. Бұл мақсатта республикалық бюджеттен 9 млрд, ал жергілікті бюджеттен 30,2 млрд. барлығы 39,2 млрд. теңге бөлінді.

Нәтижесінде облыстағы жақсы және қанағаттанарлық күйдегі жолдардың жағдайы 57 пайызға жетті. 2018 жылы бұл көрсеткіш 54% болатын.

Соның ішінде, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұзындығы 87 шақырымды құрайтын «Индер-Қарабау» жолын қайта жаңғырту және Ганюшкино-Приморье-Утеры жолының 26 шақырымына күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда.

kurylys

Жалпы 2020 жылға жол құрылыс жұмыстарына 41,1 млрд. теңге бөлініп (республикалық бюджет - 26,4 млрд. теңге, жергілікті бюджет - 14,7 млрд. теңге), 180 шақырымға жуық жергілікті маңызы бар, қала және ауылішілік жолдарды жөндеу жоспарланып отыр. Аталған жұмыстарға 4500 адам тарту көзделуде.

Көлік инфрақұрылымы бағытындағы аталған жобаларды жүзеге асыру арқылы бекітілген меморандумға сәйкес, жылдың соңында жергілікті маңыздағы жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 61%-ға жеткізу жоспарланып отыр.

Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттер "Серпер" газеті қорынан алынды

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




ZERO.kz

Яндекс.Метрика