Индер ауданында жаңа судья тағайындалды

Ел Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен Индер аудандық сотына Жандос Қанатұлы судья боп тағайындалды. 

Аптаның дүйсенбісінде оны аудандық сот төрағасы Руслан Баймаханбетов таныстырды. 
Жандос Қанатұлы 29.09.1988 жылы Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылында дүниеге келген. 
Еңбек жолын 2012 жылы «Жастар тәжирибесі» бағдарламасы аясында Бөкей ордасы аудандық білім беру бөлімінде инженер-программист болып бастаған. Бұдан соң 2014-2017 жылдары Бөкей ордасы аудандық соты кеңсесінің аға сот приставы болып қызмет етсе, кейін осында аудандық сот әкімшілігінің бас маманы-сот отырысының хатшысы қызметін атқарған. 
Қарулы Күштер сапында әскери борышын өтеген соң 2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы «Сот төрелігі» академиясынан магистрлік дәрежесін алған. 
Аудандық соттың мәжілісін өткен жиында сот төрағасы қызметіне сәттілік тілесі, жаңа судья заңға адал болып, ел сенімін ақтайтынын айтты.
Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521