Атырау-Орал тас жолының Индербор кенті тұсында орналасқан автокөлік жолы бойынан «НЕФТЭК» компаниясының заманауи үлгідегі тағы бір жанармай құю бекеті мен кемпингі іске қосылды.
Жалпы аумағы 2,09 га болатын жанармай бекеті жаңа жүйелермен жабдықталып, жолаушыға қажеттінің барлығымен қамтылған.
Атап өтсек, 20 орынға арналған шағын кафесі, азық-түлік және түрлі қосалқы бөлшектерін сататын дүкені тәулік бойы жұмыс істейді.
Сондай-ақ, кешеннің ішінде 5 адамға арналған қонақ үйі де орналасқан. Бұған қоса, ерлер мен әйелдерге арналған намаз оқуға арнайы екі бөлме де бар.
Айта кетерлігі, жаңа нысанның ашылуы жергілікті 30 азаматтың тұрақты жұмыспен қамтылуына мүмкіндік берді.
Еске салайық, бұған дейін Индербордан Атырауға шыға берістегі автокөлік жолы бойынан аталған компанияның алғашқы бекеті пайдалануға берілген еді.
Индер аданы әкімдігі