Индер ауданында заңсыз киік аулағандар ұсталды

Аудан аумағындағы қырлық жерлерді толық аралау шетел азаматтарын және заңсыз сақталған қаруларды анықтау, жалдамалы пәтерлерді анықтап заңды шараларын алу және аң аулауға тыйым салынған экологиялық қылмыстардың алдын алу, броконьерлік әрекеттердің жолын кесу мақсатында "Броконьер" жедел профилактикалық іс-шарасы  өтуде. 
Индер ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Ғалымжан Жұмағалиевтың айтуынша, іс-шара басталғалы заңсыздыққа жол берген бір жағдай тіркелген. 
– Іс-шара барысында Аққала ауылының тұсынан киік жануарын заңсыз аулаған адамдар ұсталып, көліктері тұраққа қойылып, тергеу амалдары жүргізілуде. Жалпы шара 15 желтоқсанға дейін жалғасады. Сондықтан аталған мерзімде аудан тұрғындарының назарына заңсыз аң, су жануарларын аулауға және қару құралдарын да сақтаудың ережесі бар екендігін, ал егер де аталған құқық бұзушылықтарға жол берген жағдайда әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын ескерткім келеді, - дейді.


Ж.НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT