Индер ауданында қос ауылдың әкімі сайланды

Жарсуат және Көктоғай ауылдарының тұрғындары өздері қалаған үміткерлеріне дауыс беріп жаңадан әкімдерін сайлап алды.

Атап айтқанда Жарсуат ауылының әкімі қызметіне мамандығы ветеринар дәрігер 59 жастағы Бөкеев Ербол Ержанұлы үшін қатынасқан сайлаушының 903 жақтап дауыс берген. Ал Көктоғай ауылдық округі бойынша осыған дейін аталмыш ауылдың әкімі қызметін атқарып келген 57 жасар аграном мамандығының иесі Құсайынов Мәмбетқали Жолдасқалиұлы үшін 779 сайлаушы жақтап дауыс беріп, әкімдік қызметті тағы бір мәрте сеніп тапсырып отыр.

 -Бүгін Индер ауданы бойынша негізінен 25 шілде күні ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы өтті. Оның ішінде Көктоғай және Жарсуат округтерінде. Бұл екі округте 3 сайлау учаскесі бар. Халықтың белсенділігі өте жоғары болды. Бұл елімізде болып жатырған тікелей сайлау. Біздің аудан бойынша 2505 адам дауыс берді 3224 адамнан.Қазіргі жағдайда толықтай барлық участоктердің қорытындысы шықты. Сайлаудың қорытындысымен екі округте де әкімдер қазіргі кезде сайланды.Жарсуат ауылдық округіне Бөкеев Ербол, Көктоғай ауылдық округіне Құсайынов Мәмбетқали, - дейді Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділгерей СӘКЕНОВ.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының берген мәліметіне сүйенсек, сайлау кезінде 203 азаматқа өз өтініштері бойынша жылжымалы дауыс беру жәшігі апарылған. Он сегіз бюлетен жарамсыз болып танылса, 15 сайлаушы 6 үміткердің барлығына қарсы дауыс берген.

Әкімдік қызметке қол жеткізгендер көп кешікпей өз қызметтеріне кірісетін болады.

Сұңқар КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521