Индер ауданында Наурыз тойы тойланды

Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесіне арналған «Наурыз-берекем, Наурыз-мерекем» атты шара аудандық мәдениет үйі алдында өткізілді.

Сахналық театрландырылған қойылым жаршылардың хабарлауымен ашылып, әжелер «Аластау» рәсімін жасап, шашу шашылды.
Ортаға қойылған Тайқазанмен наурыз көже халыққа таратылды.

Табиғаттың құлпырып, тіршіліктің оянуының белгісі «Жер ана» мен «Көктем аруы» келді.

Мерекелік шарада аудан әкімі Салауат Өтеғұлов аудан халқын Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамымен құттықтады.

akim

Шара аудан өнерпаздарының концертіне ұласты.

Алаңда ұлттық спорттық ойындар ойнатылып, аудан жұртшылығы белсенді қатысты.

bi-nauryz

sport-nauryz

Сонымен қатар мереке биыл С. Сейфуллин, Ш. Уәлиханов атындағы орта мектептер мен ауылшаруашылық колледжі,  орталық аурухана ауласында да ұйымдастырылды.
Аталған мекемелердің алдына ақшаңқан киіз үйлер сән-салтанатымен тігілді. Қолөнер көрмелері ұйымдастырылып, жиналған көрермендер тамашалап жатты. Балалар асық атып ойнаса, жастар жағы алтыбаққан тебудің қызығына түсті. Әсем ән мен күй төгіліп, би биленді.
Ашық аспан астына жайылған дастарханнан мерекеге қатынасушылар наурыз көже мен дәмнен ауыз тисе, киіз үй ішінен ыстық тамақ пен шай ішіп, ақ тілектерін арнады.

analar-ni

—Соңғы бір екі жылдан бері елде індет жайлап, көпшілігіміздің көңіліміз жабырқап қалғандай еді. Бүгінгі мерекеде көптен көрмеген таныстарымызбен кездесіп, көрісіп арқа-жарқа болып қалдық. Көктем мерекесі жақсылық, қуаныш, ырыс әкелсін, -деп жатты біз кездескен тұрғындар.

Ия, күн мен түн теңескен Ұлыстың ұлы күні дүбірлі той, ақ түйенің қарны жарылған күн болды.

altybakan

Саламат БАЗАРБАЕВ,

Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ

Суреттерді түсірген авторлар

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521