Бұл жөнінде Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, тұрғындардың көп шоғырланбауын ұйымдастыру мақсатында Құрбан айт күндері Индер ауданында арнайы мал сатылатын жерлер белгіленді. Сатылым 29 шілдеден басталады.
Осыған орай, кестеде көрсетілген нөмірлерге хабарласып, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауларыңызды ескертеміз! Қажет малдарыңызды Айт мерекесіне дейін алуларыңыз сұралады.