Бұл жөнінде аудандық ТКҚСҚБ басқармасы мәлімдеме жасады.
Бүгінгі тəулікте, яғни 16.06.2020 жыл бойынша COVID-19 індетін жұқтырған 10 адамның біреуі Индербор кентінен болса, тоғызы - Есбол ауылынан.
Мамандардың айтуы бойынша, ауруға шалдыққандардың жағдайы қалыпты.
Өсіммен тіркелген барлық 29 сырқаттың 10-ы Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылса, 18-інде ауру белгілері жоқ болғандықтан үй жағдайында карантинде/медициналық бақылауда/.
Айта кетейік, бүгінгі таңда сырқаттанғандардың 1-еуі жазылып шықты.
"Дендер"-Ақпарат
Сурет дереккөзден